02
сентябрь
2025
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде “Мектебім-мейірім мекені!”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде “Мектебім-мейірім мекені!” атты салтанатты іс-шара өткізілді. Мектеп басшысы Е.М.Тулендиев ұстаздар мен білім алушыларды білім күнімен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді.
Аталған іс-шараға арнайы қонақтар Шымкент қаласының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Н.Т.Төлбасиева, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Т.А.Дүйсенбиев, ардагер ұстаз М.Ж.Айнабекова қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, білім күні 1-11 сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарымен жалғасты
Жаңа оқу жылы жетістіктерге толы болсын!