"НҰРЛЫ ОТАНЫМЫЗ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ІС - ШАРАЛАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "НҰРЛЫ ОТАНЫМЫЗ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ІС - ШАРАЛАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ
16
декабрь
2020

"НҰРЛЫ ОТАНЫМЫЗ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ІС - ШАРАЛАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шымкен қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 07-14 желтоқсан күндері аралығында онкүндік іс-шаралар жоспары жарияланды.
Онкүндік аясында іс-шаралар жоспарға сай жүйелі түрде ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды. 
Онкүндіктің алғашқы күні 1-11 сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік - таң нұрлы", "Ел аңсаған тәуелсіздік" тақырыптарында ашық тәрбие сағаты өтілді.
Сонымен қатар "Тәуелсіздік шежіресі" тақырыбында тарихи - танымдық шара , "Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім" тақырыбында сурет байқауы, "Тәуелсіздік - тірегім" тақырыбында онлайн форматында эссе байқауы өткізілді.
"Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өткізіліп, жиын соңы кездесуге ұласты.
Онкүндіктің соңғы күні іс-шаралар қорытындысы ретінде спорттық іс-шаралар 1-4  сынып оқушылары арасында шахмат сайысы, мұғалімдер арасында волейболдан ашық турнир өткізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив