Мектептерге жаңа автобустар берілді » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептерге жаңа автобустар берілді
02
декабрь
2016

Мектептерге жаңа автобустар берілді


Қала іргесіндегі ауыл балаларын сабаққа уақытылы жеткізу үшін 10 мектепке 19 автобус берілді. Бала санының көптігіне байланысты кейбір оқу орындарына бірден бірнешеуі бұйырды. Қоғамдық көліктерді сатып алуға жергілікті қазынадан 250 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Су жаңа автобустар кілтін табыстаған облыс әкімі ұстаздар қауымын болашақ ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге шақырды. Тікелей мектептің қарауында болатын автобустар жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап бала тасымалдауға кіріседі. Себебі жыл соңына дейін жекеменшік компаниялармен келісім жасалып қойған. «Осылайша, Шымкентте оқушыларды тасымалдау түйткілі түпкілікті шешілді», - дейді білім бөліміндегілер. Дәл осы күні жаңа әкімшілік ғимарат ашылып, оған Әл-Фараби аудандық әкімдігі , қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен білім бөлімі жайғасты. 
Әлима Мәлікова, мектеп директоры: - Үш бірдей автобустың кілтін алып отырмыз. Енді біз балаларымыздың өз деңгейінде білім алуына олардың өмірі, денсаулық қауіпсіздігінің негізінде автобустардың игі берекесі болады деп ойлаймыз. 
Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің басшысы: - Бүгінгі күні мектептерімізді компютермен, соңғы үлгідегі техникалармен жабдықтауда көмек беріліп жатса, дәл осындай көлікпен жағдай жасау бізде бүгін бірінші рет болып отыр. Әрине, бұл тек ұстаздарды ғана емес, ата-аналарды да қатты қуантады. Бұл біздерге өте қажет дүние еді. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив