"ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ" » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Приемная
+7(7223)47-14-25
Бухгалтерия
+7(7223) 47-14-25
Версия для
слабовидящих
» » "ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ"
19
ноябрь
2020

"ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ"

"ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ"
 "Жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғыртып, өз бастауымызға қайта оралу керек...
Халқымыз сан ғасырлар бойы құндылықтарды игере отырып, рухани мөлдір бұлақтан сусындады...
... сол рухани мөлдір бұлақтың көзіне жол табу - әрқайсымыз үшін міндеттердің міндеті болмақ..." 
                    С.А.Назарбаева 
   Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының 10.11.2020 жылғы №693 хатының негізінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылына ата-аналармен атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес  адамның әлеуетін арттыруға , қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған "Жалпы адамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өткізілді.
     Ата-аналар жиналысының мақсаты: "Тұлғаны рухани тәрбиелеу, Рухани - адамгершілік негіздері әр отбасының ірге тасының берік болуына ықпал ететінін ұғындыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды отбасыда қарастыру мәселесін өзекті ету. 
  Жиналыс барысында "Өзін- өзі тану" пәнінің мұғалімі А.Айтбаева "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында презентация жасады. Сондай-ақ мектебіміздің  педагог- психологы П.Бейсебаева "Балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін дамытудың негізгі жолдары" тақырыбында тренинг өткізді. Жиналыс соңында "Кибербуллингтің алдын- алу" тақырбында видеоролик көрсетіліп, ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив