13
декабрь
2024
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты #88 жалпы орта білім беретін мектебінде “Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты #88 жалпы орта білім беретін мектебінде “Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы аясында Абай ауданы әкімі аппаратының маманы Әбдрашева Ұлдана және Шымкент қаласы жұмыспен қамту басқармасына қарасты №3 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорвның орынбасары Муталиева Ғалия Сапаралықызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жанысбаева Ұлжалғастың қатысуымен 9-10 сынып оқушыларына “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен зорлық - зомбылықтың алдын алу, суицид профилактикасы,нашақорлықтың алдын алу” тақырыптарында семинар кеңес өткізілді.Іс - шара барысында оқушыларға есірткі заттарын сату мен оның салдары туралы өмірден алынған қысқаметражды фильм көрсетіліп, жастарға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу қажеттілігі түсіндірілді.