Критериалды бағалаудың тиімділігі – білім беру мазмұнын жаңғырту
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты № 88 жалпы орта мектебінде
2018- 2019 оқу жылының 12 желтоқсан күні Шымкент қаласы Білім басқармасы ғылыми – әдістемелік орталығы мен Назарбаев зияткерлік Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен қалалық семинар болып өтті.
Семинар мақсаты: Оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерді бағалаудың критериалды, формативті және жиынтық түрлерін іс-тәжірибесінде тиімді пайдалануға бағыттау. Критерийлер мен дескрипторлар жасауды үйрену. Сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.
Аталған семинарға Шымкент қаласы Білім басқармасының ғылыми – әдістемелік орталығының аймақтық үйлестіруші Б. Х. Умарова, Назарбаев зияткерлік Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері
Р. Т.Балтабекова, Ж.О. Калыкулова, А. Т. Балтабекова, Р. Г. Сыздыкбаева,
У. Ж. Бейсебаева, Д. А. Алиаскаров, А. М. Кожымбетова, К. А. Абдимусаева,
К. Касимова, қатысты.
Қалалық семинарды өткізудегі мақсат шығармашылықпен жұмыс істейтін, заманауи білімді педагогтардың кәсіби құзіретін көтеру, ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен бөлісу, озық тәжірибелерді тарату.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша № 88 жалпы орта мектептің мұғалімдері – А. Жолшора «Жиындардың қиылысуы», Н. Берданова «Тұрлаусыз мүшелер», А. Спатаева «Шынықсаң шымыр боласың», Ж. Адилова А. Құнанбайұлы «Жетінші қара сөз», Г. Мусаева «Natural disaster», К. Нұржанова «Герой – космонавты Республики Казахстан», А. Молдабек «Тригонометриялық теңдеулерді шешу», Г. Жакипова «Фотосинтез оның сатылары» тақырыптарында сабақтар өткізсе, мектептің тренерлері – Г. Алматова мен А.Жакипова «4- сынып оқушыларының 5- сыныпқа ауысқан кездегі білім сапасының айырмашылық себептерін анықтап, шешу жолдары», М. Актуреева «Оқушыларды кері байланыс беруге үйрету», Р. Зинадилова «Критериалды бағалаудың ерекшелігі», А. Биғазиева «Топтық жұмысты бағалау критерилерін құрастыруға дағдыландыру» тақырыптарында коучингтер өтті.
Семинар соңында педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері -
А. Т. Балтабекова, К. А. Абдимусаева, Р. Г. Сыздыкбаева, Р. Т. Балтабекова, аймақтық үйлестіруші Б. Х. Умарова және семинарға қатысушылар әр сабақтар мен коучингтерге кері байланыстар мен ұсыныстар берді.
Мұғалімдер өткізген сабақтарда әдіс- тәсілдер тиімді қолданылған, сабақтар мақсатқа қарай бағытталған, критерийлер мен дескрипторлары дұрыс қойылған. Коучингтерде өте өзекті тақырыптар алынған, бастауыш буыннан орта буынға өткен кездегі білім сапасының айырмашылығын коучингке қатысушылар қызу талқылау барысында ашылғандығын, ата –аналар дәстүрлі бағалау мен қалыптастырушы бағалаудың айырмашылығын өздері коучингке қатысу барысында нақты мағлұматтар алғандығын айтып өтті.
Семинарға қатысушы № 83 жалпы орта мектептің үйлестірушісі
Т. Қабылбек пен «Бәйтерек» жекеменшік мектебінің үйлестірушісі
Ж. Ахаловалар да ұйымдастырылып отырған семинардың өте құнды екендігін, көкейде жүрген сауалдарға жауаптар алғандығын, жаңартылған білім беру мазмұнының негізігі мақсатының өзі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін әрбір мұғалім өзіндік тиімді әдіс – тәсілдерімен сабақта қолдану арқылы нәтижеге қол жеткізетіндігін атап
өтті.











