«Мәңгілік ел» қазақ халқының сан ғасырлық арманы» тақырыбында баспасөз конференциясы » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мәңгілік ел» қазақ халқының сан ғасырлық арманы» тақырыбында баспасөз конференциясы
24
апрель
2015

«Мәңгілік ел» қазақ халқының сан ғасырлық арманы» тақырыбында баспасөз конференциясы

№88 жалпы орта мектебінде «Мәңгілік ел» қазақ халқының сан ғасырлық арманы» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті.
   2015 жылы қазақ елі тұңғыш мемлекетіміздің негізін қалаған Қазақ хандығының 550 жылдық тойы дүбірлетіп атап өтілуде. Бұл ұлы мерейтойдың өткізілуі Елбасымыздың 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ресми түрде мәлімденіп, Қазақ хандығының 550 жылдығын қазіргі жас ұрпақ бойына сіңіріп, есіне мәңгі сақтаулары тиіс деп танып, мектебіміздің тарих пәні бірлестігі мен тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес, қазақ мемлекеттігінің құрылғанына 550 жыл, кешегі Керей мен Жәнібек хандардан бастау алған бұл үрдіс бүгінде шырқау шыңына жетті десек жарасар. Өйткені дүниежүзілік өркениетте Қазақстан деген жерұйық жер бар, Қазақстан деген еңсесі биік Ел бар екендігін дәріптеу мақсатында жоғары оқу орындарының өкілдері атап айтар болсақ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің т.ғ.к. доценті Карибаев Сарсебай Өскенұлы, ХГТУ т.ғ.к. доценті Байтұр Мәдениет, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің з.ғ.к.профессор С. Есімқұлов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды. Конференцияға қатысушы оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауаптар алып, өз білімдерін шыңдай түсті. Конференцияда мектеп директоры А.А. Маликова бүгінгі таңда, бабалар аманатына адал болып, Ұлы дала елінде Тәуелсіздікті мәңгі ету мақсатында оқушылардың бойында ел тарихын білу, қастерлеу, құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру міндеті тұрғандығын айтып өтті. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда өз мүддесін толық, өз мақсатын анық білетін елдер ғана ілгері басатынына жан-жақты тоқталды. Алдағы уақытта да, мұндай игі іс-шаралар өткізіліп, оқушылардың ұлттық құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелей отырып, Ұлы даланың ұрпақтары, мұрагерлері ретінде бабалар аманатына білімі мен жан-жақты ізденімпаздығымен ерекшеленетін Мәңгілік ел қазақ елінің ұрпағы болып қалары сөзсіз.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив