15
ноябрь
2017
"Ерлік – елдің қасиеті" кездесу
Сырым Сүндетов – бейбіт күннің батыры, Ақтөбе қаласында болған лаңкес кезінде ерлігімен көзге түскен әскери қызметкер
Сырым Адырбайұлы 2016 жылғы маусымның 5 күні Ақтөбе қаласында орын алған теракт бейбіт жатқан елімізді дүре соққандай аяғынан тік тұрғызып, тыныштығымызға төнген ауыр қатер болғаны сөзсіз. Әлбетте, қанға біткен қасиет – жаужүректілік пен бойға біткен ептілік – күш құрылымдарының біліктілігі мен кәсіби шеберлігі арқасында бір топ қылмыскерлердің арам ойы жүзеге аспай, тұтқиылдан жасалған шабуылға дер кезінде тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, лаңкестердің қолынан бейбіт тұрғындар мен әскерилер жапа шегіп, 7 адам көз жұмса, бірқатарлары жарақат алған болатын. Солардың ішінде 6655 әскери бөлімінің аумағында қарсыласқа тайсалмай соққы беріп, батылдық танытып, ауыр жарақат алған қатардағы Сырым Сүндетов та бар еді.
Жас жауынгер Елбасы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін иелік етті. Мемлекет басшысы атынан Сырымға бұл жоғары марапатты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов табыс етті. Бүгінде Сырым әскери қызметті келісімшарт негізінде жалғастыруды жөн көріп, Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы әскери бөлімінде абыройлы қызмет етіп жүр.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында «100 жаңа есім» патриоттық жобасын орындау, жастармен тәрбие жұмысын күшейту , жасөспірімдер мен балалар бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға адал қызмет ету, ата-бабаларымыздың ерлігінен өнеге алу мақсатында Республикамыздың Тәуелсіздік мерейтойына орай «Рухани жаңғыру- келешектің кепілі » айдарымен іс-шара өткізіліп отыр. "Ерлік – елдің қасиеті" атты Сырым Сүндетопен кездесу өтті.


