“ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ - 2020” » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2021

“ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ - 2020”

“ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ - 2020”
#тәрбиешымкентәдістемелікорталық
  Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен сынып жетекшілер арасында қалалық “Тәрбие жүйесінің үздігі - 2020” сырттай байқауы өткізілді. Байқауға бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім - тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін сынып жетекшілеріміз белсене қатысып, керемет нәтиже көрсете білді. 
   Байқау қорытындысы  бойынша озық іс - тәжірибесін ұсына отырып, шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі үшін 6 “Ә” сыныбының жетекшісі Хожамуратова Меруерт Рахымханқызы ІІ дәрежелі дипломмен, 6 “Г” сыныбының жетекшісі Қалауова Айжан Сулейменқызы мадақтамамен марапатталды.
  Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив