"Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2019" » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№88 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 230-77-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-57-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақша | Русский | English
18
март
2019

"Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2019"

 Құттықтаймыз!!!
                      


    Бүгін №7 мектеп-лицейінде  бастауыш сынып мұғалімдері  арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2019» қалалық байқауы болып өтті. Оған алғашқы іріктеу кезеңдерінен өткен 15 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге алаңсыз өмір сыйлау үшін қызмет етіп жүрген мұғалімдердің тәжірибесін  шыңдай түсу,  шығармашылық мүмкіндіктерін байқау, жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Мұғалімдер алдымен өздерін таныстырып, «Визит карточкасы» кезеңінде өз біліктіліктерін, білімдерін, шеберліктерін ортаға салып, көрсетті.  Білімдерін сынға салды. Сайысқа қатысқан он бес мұғалім жақсы дайындықпен келгендерін көрсете алды. Арай Жолшора тəн қарапайымдылық пен инбаттылықты ұштастыра біліп,  шеберлікпен, білімдерімен көпшілікті тəнті етті. Бұл байқау мұғалімдер үшін жыл бойы жүргізілген еңбектеріне шығармашылық есеп беру түрінде өтті. Байқау қорытындысына келер болсақ, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2019» қалалық байқауының бас жүлдесін біздің мұғаліміміз Арай Жолшора жеңіп алды. Мектеп ұжымы  Арай Жолшораны жеңісімен құттықтайды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив