25
сентябрь
2010
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!
Ана-тілі – әр ұлттың қастерлі құндылығы. Көп ұлтты Қазақстанда барлық халық өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және дамытуға мүмкіндік жасалған. Қоңыр күздің жетегінде келетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі-кең байтақ қазақ даласын тіл салтанаты кернейтін сәт. Тіл мерекесі 2010 жылы 25 қыркүйек күні "Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! " атты «Туған елім» әнімен ашылып, қатысушылар бір шаңырақтың астында топтаса жиналып, әсем ән шырқады.






