«Күз – береке, күз – мереке» » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2017

«Күз – береке, күз – мереке»

         Абай атамыз «Күз туралы» өлеңінде алтын күздің әсемдігін, күз айының ерекшелігін көз алдымызға қалай елестетсе, бүгін 2017 жыл қазанның 12-і осы бір көркем жыл мезгілі – күз айының көркін нақышымен бере білген, №88 жалпы орта мектебінде оқушылары мен ата-аналары бірлескен «Күз – береке, күз – мереке» тақырыбындағы жәрмеңкесі және «Арайлы, алтын күз»  байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижесі сарапшылармен бағаланды. Мерекелік жәрмеңке байқауына арнайы 1 мен 7 сынып оқушылары атсалысты десек, берер пайдасы – күзде дастарханымыз дəнді-дақыл, жеміс-жидек, көкөністерге толы болатынын, оның барлығы еңбекпен, маңдай термен келетінін оқушыларға түсіндіру.

      Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейтіп, табиғат сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге, көргендері туралы əңгімелей отырып адамдардың еңбегін бағалай тәрбиеленулеріне септігін тигізетін ұйымдастыру. Ал, «Арайлы, алтын күз» атты  байқауға осы мектептің 8 бен 10 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Басты мақсат – берген мүмкіндік арқылы шығармашылық қабілетін жүзеге асыру, өз елінің табиғатын қорғауға, қамқорлықпен қарауға, әдемілікке тәрбиелеу. Сондай-ақ, табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дүниенің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту; Күз мезгіліндегі құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу. Әрине байқаулардың өзіндік талаптарын қатаң сақтай отырып жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылар да болды.

                        Асқабақ елінде 2 "Г" сыныбымен
             «Арайлы, алтын күз» атты  байқауының "Икебана" кезеңі
                       Қолдан жасалған көйлектің үлгісі 


                                  Мектеп даярлық тобымен "Қарбыздар елінде"

                                     "Нан бар жерде ән бар"
 Сонымен  байқаудың қорытындысын жарияланып, күзгі жәрмеңке мен байқауының жеңімпаздары дипломмен марапатталады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив