«Қылмыссыз балалық шақ» іс-шара » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қылмыссыз балалық шақ» іс-шара
12
октябрь
2019

«Қылмыссыз балалық шақ» іс-шара

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы білім беретін орта мектебінде «Қылмыссыз балалық шақ» айлық іс-шарасы аясында, 10 сынып  оқушылары арасында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында сайыс сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардық құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдында жауапкершілікті арттыру ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу, заң саласынан ақпарат беру арқылы оқушыларға Конституцияны тағы басқа, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, Заң негіздерін білдіріп, оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабылеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту болды.
Сайыс сабаққа қатысушы Шымкент қаласы, Қаратау полиция бөлімі, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Абдрахман Ерсұлтан мен полиция аға лейтенанты Аманжолов Нургелди қүқықтық талаптар туралы мағлұматтар беріп, Еліміздің Конституциясы адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиеттерін гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығыннан жан-жақты түсінік берді.
Көп оқыған, білгені мол адам ғана намысқор, әділетті, айбынды қоғам қайраткері бола алады. Яғни қоғам тағдыры, мемлекет тағдыры білімді ұрпақ өздерінің қолдарында екендігін сайыс барысында танытып 10 «Г» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив