29
август
2020
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы өз деңгейінде жүргізілуде.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы өз деңгейінде жүргізілуде. Еліміздегі індетке байланысты биылғы оқу жылының І тоқсанында 2-11 сыныптар қашықтықтан білім алады.1-сынып оқушыларына ата-аналардың жеке өтініші негізінде, «кезекші сыныптар» ұйымдастырылып, 1 қыркүйектен іске қосылмақ. Мұндай жағдайда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Мектебімізде дезинфекциялық өткел, санитайзерлер, тепловизор, дезинфекциялық кілемшелер және кварцтық лампалар орнатылды, 13 оқу кабинеттері арнайы дайындалды. Ережеге сәйкес әр кабинетте 15 оқушыдан білім алады. Үзілістер әртүрлі уақытта болады және күніне тек 3-4 сабақтан өтеді. Дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынады. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынады. Мұндай сақтық шаралары пандемия кезеңінде ұстаздар мен оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету толығымен қарастырылған.




