«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
22
октябрь
2020

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылғы 22 қыркүйек пен 25 қазан күндері аралығында Шымкент қаласы білім басқармасының 28.09.2020 жылғы №10-10-003/4221/6 санды хатына сәйкес  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын -алу.
Қазіргі уақытта мектепте "Самал -3" мөлтек ауданынан 1,4 кезекші сыныптарда 283 оқушы мектеп автобусымен тасымалдануда.
Пандемия жағдайын ескере отырып,балаларды күнделікті мектепке және үйге дейін қауіпсіз, жайлы жеткізуді қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселесі кезекші мұғалімдер мен жүргізушілер тарапынан дұрыс жолға қойылған.
Акция аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында сынып сағаттары, сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу, профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру, жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында мектеп инспекторы Г.Шайхановтың қатысуымен іс-шаралар өткізілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив