“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223)47-14-25
Есепші бөлімі:
+7(7223) 47-14-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2021

“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП”

    “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП”
#оқуғақұштаршымкентәдістемелікорталық
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласының әдістемелік орталығының 22.01.2021 жылғы хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы бойынша   “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыруда оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін дамыту , сондай-ақ жас ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар  жоспарға сай кезең- кезеңімен өткізілуде.
 Мектеп кітапханасында кітап оқуға  жаны құштар  қауымға арналған кітаптар көрмесімен қатар, “Оқуға құштар мектеп” атты бұрыш ұйымдастырылды.
    Аталған  іс- шара жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында “Үздік оқырман” және “20 минуттық кітап оқу “ байқауы жарияланды.    
Сонымен бірге кітапхана меңгерушісі С.Сейсенбаева оқырмандарға QR арқылы электронды кітаптарды, көркем әдебиеттерді қалай жүктеп алу керек екендігін түсіндірді.
   “Кітап - біздің досымыз” тақырыбында кезекші 1-4 сыныптарда тәрбие сағаттары өтілді. 
   “Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана",- деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев айтқандай,  кітапханаға келіп,   оқыған шығармаларымен бөлісіп, қызығушылық танытқан  оқушылар мен педагогтерге жылы лебіздер айта отырып, кітапханаға келуші оқырмандарымыз үзілмесін дейміз.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив