19
декабрь
2024
ҚАЛАЛЫҚ “ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 18 желтоқсан күні «С.Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейі» базасында өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тəуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.Салтанатты жиынға мектебіміздің 5 “Ғ” сыныбының үздік оқушылары Курбанәлі Каусар мен Ескендір Алинұр қатысты.
Ұйымға қабылдана отырып,жас жеткіншектеріміз өздеріне мынадай міндеттерді артты:
1. "Жас Ұлан" ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматы;
2. "Жас Ұлан" ұйымының мүшесі-Отанының Тəуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші;
3 . “Жас Ұлан" ұйымының мүшесі-оқуда, еңбекте жəне спортта озат, əрі қайсар;
4 . “Жас Ұлан" ұйымының мүшесі-сыншыл, адал жолдас, əрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Республикалық “Жас Ұлан” ұйымына мүше болған үздік оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!