14
апрель
2018
Шымкент -менің қалам-менің бақшам
«Бірге жарқыраймыз!». Республика көлемінде қолға алынған фестиваль Шымкентте де қарқын алды. Жоба аясында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары «Самал» шатқалында 80 мың ағаш көшетін отырғызды. Шымшаһар аумағын көгалдандыра отырып, экологиялық мәдениетті насихаттау – рухани жаңғырудың бір тармағы, - дейді өңір басшысының бастамасын қолдағандар.
Шатқал аумағын органикалық таза жеміс ағаштарымен көмкеру – бүгінгі шараның негізгі мақсатының бірі. Ұрпақ саулығы үшін сауапты іске бел байлағандарға... облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алғысын білдірді. «Жүз жылдығын ойлаған ел ағаш егеді», - деп, халық даналығын жаңғыртты.