19
май
2026
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ!
Общеобразовательная средняя школа №88нде 15 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасының 2026 жылғы 12 мамырдағы №10-12-13/3543 хатына сәйкес бітіруші сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шара барысында және одан кейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы қоңырау, аттестат табыстау іс-шараларын мейрамханаларда, кафелерде, демалыс аймақтарында өткізуге болмайтындығы айтылды. Сондай-ақ іс-шараға аниматорлар, агенттіктер мен жеке студияларды тартуға, көлік жалдап, шерулер ұйымдастыруға, таңды қарсы алу шаралары мен алау жанында өткізуге тыйым салынады. 4,9 сынып оқушылары үшін салтанатты шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Көзделген іс-шараларға оқушылардың ата-аналарынан, заңды өкілдерінен ақшалай қаражат жинап, сыйлықтар алуға да қатаң тыйым салынатындығы жөнінде ескертілді. #заңментәртіп #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы #шымкентбілімбасқармасы #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #атааналаржиналысы #бітірушітүлектер