АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Общеобразовательная средняя школа №88
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №88» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Приемная
+7(702) 351-30-30
Бухгалтерия
+7(7252) 95-57-98
Версия для
слабовидящих
Қазақша | Русский | English
19
май
2026

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная средняя школа №88нің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты
 4, 9, 11-сынып бітіруші оқушылар мен ата-аналардың назарына келесі маңызды ескертулерді ұсынады:
📍 Педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруіне немесе ақша жинауына қатаң түрде тыйым салынады.
📍 Аниматорлар, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.
📍 Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық қажеттіліктерге арналған заттарды сатып алу үшін оқушылардан немесе ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
📍 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік керуенін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да көңіл көтеру орындарына баруға жол берілмейді.Сонымен қатар, табиғат аясында демалыс ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
📍 Мектеп аумағында немесе мектептен тыс жерде ата-аналардың бастамасымен мерекелік дастархан жайып, қаражат жинауға тыйым салынады.
📍 25 мамыр күнгі салтанатты іс-шара мен қорытынды аттестаттау кезінде оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті қатаң ұстануы қажет.
📍 Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл талаптар педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген.
📍 Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біздің басты мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
Құрметпен:
Общеобразовательная средняя школа №88нің директоры
Тулендиев Ержан Мырзабекович
#Shymkenttarbye 
Меньше
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив