МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 93 ЖЫЛ » Общеобразовательная средняя школа №88
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №88» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Приемная
+7(778) 230-77-86
Бухгалтерия
+7(7252) 95-57-98
Версия для
слабовидящих
Қазақша | Русский | English
» » МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 93 ЖЫЛ
09
февраль
2024

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 93 ЖЫЛ

Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшҺүр. Халқының сүйіспеншілігіне бөленген, талантымен баурап алған, қазақ поэзиясында үлкен қолтаңбасын қалдырған ақынның туылған күніне орай,  “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында 5 - сынып оқушылары арасында өлеңдерін мәнерлеп оқудан әдеби-кеш ұйымдастырылды. 
📚Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын 
шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген
қызығушылығын арттыру, өлеңдерін
мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің
тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың 
өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін
арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке,
өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.
Кеш барысында оқушылар ақынның туған жер, Отан, адамдар тағдыры, достық, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі тақырыбындағы өлеңдерін жүрекпен сезініп, мәнерлеп жатқа оқыды. Ақынның өмірінен қызықты деректер айтылды. Кеш соңы ақынның әнімен аяқталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив