11
ноябрь
2023
"Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық жүйесі"
Шымкент қаласы "№ 88 жалпы орта білім беретін мектебі" ШЖҚМКК директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Әділбек Айман Тастемірқызы мектеп мұғалімдерімен оқытудағы сабақтастық оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуде атқарылатын жұмыстар бойынша мектепішілік семинар өткізді. Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырадығы, бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдірілетіндігі талқыланды. Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алып жұмыс жасау керектігі айтылды. Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі, мектепте сабақтастық мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу, оған басшылық беру жайы жоспарланды. Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлығын анықтау. Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынды да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылды, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай (оқу жылының басында, аяғында) түрлі формада қолданылып, қорытындылар жасалады. Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшелігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.


