«АЙБЫНЫ АСҚАҚ, ТҰҒЫРЫ БИІК, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!»🇰🇿 » Общеобразовательная средняя школа №88
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №88» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Приемная
+7(778) 230-77-86
Бухгалтерия
+7(7252) 95-57-98
Версия для
слабовидящих
Қазақша | Русский | English
» » «АЙБЫНЫ АСҚАҚ, ТҰҒЫРЫ БИІК, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!»🇰🇿
09
декабрь
2024

«АЙБЫНЫ АСҚАҚ, ТҰҒЫРЫ БИІК, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!»🇰🇿

Ел тарихында ойып орын алатын айтулы күннің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп бағаланған бұл күн бабалар аңсаған азаттық рухының символына айналған. Тәуелсіздік алған халықтың асқақ арманы – ел іргесін берік ұстау, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кемел келешекке көш түзеу.
Осындай асыл мұратты айқындап, ел ертеңі - жас өрендерге бағыт-бағдар сілтеп, болашаққа бастайтын мақсаттарға жетелеген Шымкент қаласы #88 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сыныптарда “Ел аңсаған - Тәуелсіз Қазақстан!”, “Менің елім - Тәуелсіз Қазақстан!”, “ Айбыны асқақ, тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстан!” тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.