12
декабрь
2023
"БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ - 2022" ЖӘРМЕҢКЕСІ.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная средняя школа №88нде 5-7 сыныптар арасында “Берекелі алтын күз” тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңке барысында күздік жеміс - жидектер мен қолдан дайындалған түрлі тағам сатылымға қойылып, сатушы мен есепшілер оқушылар арасынан тағайындалды. Кәсіпкерлік шеберліктерін көрсетіп, мұқтаж адамға қол ұшын беру, қиын кезеңде демеу көрсетуді мақсат еткен оқушыларымыз аталмыш қоғамдық шараға белсенді түрде қатысты.
Ата - аналар балаларына қолдау көрсетіп, жомарттыққа , еңбек пен молшылықтың қадір - қасиетін ұғындыруға өз үлестерін қосты.