"ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК!" » №88 жалпы орта білім беретін мектебі
Приемная
+7(7223)47-14-25
Бухгалтерия
+7(7223) 47-14-25
Версия для
слабовидящих
» » "ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК!"
15
декабрь
2020

"ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК!"

 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №88 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарланған " Нұрлы Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан" атты онкүндік іс-шара аясында, санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Тұғыры биік тәуелсіздік!" тақырыбында кездесу өтті.
  Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау, Қазақстан елінің тәуелсіздік алу жолындағы ерлігін, жеткен жетістіктерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге арнайы қонақтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, Саясаттану магистрі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ PhD докторанты, "Нұр Отан" партиясы Шымкент қалалық филиалы саяси  жұмыстар  бөлімінің басшысы, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байқонысов Ербол Рәбілұлы   шақырылды. Кездесу барысында автор айтыскер ақын А.Леубаева бірнеше өлеңдерін керемет әсермен оқып, көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қоя отырып, ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды. Кездесу соңында ақын оқушыларға " Жұма тілек" атты кітабын сыйға тартты.
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив