"Нақты ғылымдар әлеміне саяхат"
Бүгін мектебімізде "Нақты ғылымдар әлеміне саяхат" атты жаратылыстану пәндері айлығының жабылуы өтті. Бір ай бойы ұстаздарымыз ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Білім сайыстарында озық шыққан шәкірттеріміз мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды. Ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!